Қызылорда облысында мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды

Қызылорда облысында мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды

Қызылорда облысының прокуратурасы жүргізген талдаумен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін заңсыз тексеру фактісін анықтады.

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (бұдан әрі – Бақылау басқармасы) бас маманы  тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесімен кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 318-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Осылайша, Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.

Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2)-тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Жауапкершілік