Қызылорда облысы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде жалақының уақытылы төленуіне талдау жүргізді.
Облыс көлемінде бірқатар жұмыскерлердің конституциялық құқықтары шектеліп, жұмыскерлердің алдында жалақы қарызы қалыптасқаны анықталды.
Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 тұлғаға қатысты қаңтар айының 263,9 млн теңге жалақысы төленбеген.
Қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленіп, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Облыс прокуратурасы осы тектес заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қадағалау шараларын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік