Қызылордада «Инвест керуен» акциясы жалғасуда

Қызылордада «Инвест керуен» акциясы жалғасуда

Қызылорда облысының прокуратурасының бастамасымен 18 ақпаннан бастап инвесторларды қолдау және бизнесті қорғау мақсатында «Инвест керуен» акциясы жүзеге асырылуда.

Аталған шара «Геджуба Шиели Цемент» ЖШС-да жалғасын тауып, онда облыс прокуроры Ризабек Ожаров Шиелі және Жаңақорған аудандарында жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлармен кездесті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.

Жиында облыс прокуроры прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, олардың қорғалуын қамтамасыз етіліп келетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде «Геджуба Шиели Цемент» ЖШС-нің өкілі санитарлық қорғау аймағын қысқарту бойынша оң қорытынды алудың ұзаққа созылған мәселесін шешуге көмектескені үшін прокурорға алғыс айтты.

Сонымен бірге іс-шарада инвесторлар өз сұрақтарын, проблемаларды және мемлекеттік органдардың бұзушылықтары туралы хабарлай алатын «Telegram» каналда ашылған «Инвестор.Бизнес.Защита» атты боттың презентациясын жасалды.

Айта кету керек, 18 ақпанда акция аясында облыс прокуроры Қызылордада орналасқан жаңа жылу электр станциясының «Aksa Energy Kyzylorda» ЖШС-нің құрылысы барысымен танысып, ірі жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен кездесті.

Инвесторлардың құқықтарын жан-жақты қорғау жұмыстары жалғасуда және прокуратураның ерекше бақылауында.

  

#Заң_мен_Тәртіп