
Ұсақ құқық бұзушылықтан бастап қылмыстардың барлық түріне қоғам болып қарсы тұру бүгінгі заман талабы.
Осы орайда облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалық етуімен «Саналы ұрпақ - болашақ кепілі» тақырыбында Форум өткізілді.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мурат Ергешбаев, Бас прокуратураның өкілі Жасулан Даулембаев зиялы қауым, қоғам белсенділері, құқық қорғау органдары, білім саласының қызметкерлері мен жастар қатысты.
Арнайы қонақ ретінде Форумға бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Асанов, танымал режиссер, продюссер Рүстем Омаров шақырылды.
Облыс прокуратурасының бастамасымен «IT ТERGEU» жобасы бойынша жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен пайдаланып, алаяқтық және басқа да қылмыстылықпен күресуде оң нәтижелерге қол жеткізілуде.
Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу бағытында, облыстық Ардагерлер кеңесі және Әйелдер кеңесі ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Арнайы қонақ ретінде шақырылған олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов жастардың жат қылықтан аулақ болуға шақырып, спортпен ұдайы шұғылданған жастардың жоғарғы жетістіктерге жету мүмкіндігі жоғары екендігін айтты.
Жиында сөз алған белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Асанов бала тәрбиесінде ұрпақтар сабақтастығының, ата-ананың орны ерекше екендігіне тоқталды.
Танымал актер Рүстем Омаров қоғамдағы негізгі мәселелерді кинолар мен сериалдардың негізгі арқауы болып жүргендігін айтып, алдағы уақытта да әлеуметтік жобаларды жалғастыра беретіндігін жеткізді.
Форум нәтижесінде облыс прокуроры өңірімізде «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты акция аясында нашақорлыққа қарсы күресте өз үлестерін қосқан құқық қорғау, әкімдік, білім, мәдениет саласының қызметкерлерін және студенттер мен волонтерлер арасынан үздіктерді марапаттады.
#Заң_мен_Тәртіп