«Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің полиция қызметкерлерімен есірткі тасымалының жолы кесілді.
Атап айтқанда Самара-Шымкент тас жолы бойының,Төретам кенті тұсында жылдамдық режимін бұзған автокөлік тоқтатылып жолаушыны тексеру барысында 4 полиэтилен пакетке оралған салмағы 20 кг болатын психотроптық зат кептірілген марихуана анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
#Заң_мен_Тәртіп