Қызылорда облысының прокуратурасымен сот актілері үнемі зерделенуде.
Ағымдағы жылы соттармен 15 әкімшілік істер негізсіз тоқтатылды, 13 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-тің санкциясында көзделмеген заңсыз жаза тағайындалса, 2 іс бойынша негізсіз жауаптылыққа тарту деректері орын алған.
Сонымен қатар соттармен масаң күйде көлік басқарған 3 тұлға жауаптылықтан босатылғаны анықталып, прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде кінәлі тұлғаларға әкімшілік жаза қолданылған.
Мысалы, 19.07.2024ж. масаң күйде көлік басқарған құқық бұзушы Шиелі аудандық сотының 18.09.2024ж. қаулысымен әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған.
Осы ретте, облыстық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәліге 20 тәулік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның қадағалауында.