Есірткімен күрес – ортақ міндет

Есірткімен күрес – ортақ міндет

Қызылордада «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында кеңейтілген Үйлестіру кеңесі өткізілді.

Алғы сөз сөйлеген облыс прокуроры Р.Ожаров Президентпен айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес Үйлестіру кеңесін кеңейтілген форматта өткізіліп жатқанын жеткізді.

Кеңес жұмысына облыс әкімі Н.Нәлібаев, Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің бастығы Ә.Нұрбеков,  мемлекет және қоғам қайраткері Б.Смағұл,  «Әкелер одағы» Республикалық бірлестігінің төрағасы М.Айтмағанбет  қатысты.

2022-2023 жылдары есірткіні аса ірі мөлшерде егумен алысқан, 22 адамнан тұратын қылмыстық топәшкереленіп, 1,5 тоннадан астам сора өсімдігі тәркіленгенін және Өзбекстан және Иран Республикаларынан контрабандалық жолмен есірткі тасымалдаумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың да жолы кесіліп, кінәлілер сотқа берілгенін баяндамашылар атап өтті.

Қорытындылай келе облыс прокуроры«Ғасыр дертімен» күреске азаматтық қоғамның әрбір мүшесін жұмылдыруды және халқымыздың  бойында қылмыстылыққа қарсы иммунитет қалыптастырып,бірлесе атқаратын іс-шаралар жоспарын таныстырып, облысымызда «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» өткізуге бастама көтерді.

Кеңеске қатысушы мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері, блогерлер, БАҚ өкілдері және студенттер прокуратура бастамасын толығымен  қолдап, аймағымызда есірткінің заңсыз айналымын түбегейлі жою мақсатында бірлесе қызмет атқару жөнінде ортақ келісімге келді.