Қызылорданың прокурорлары 27 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексеруге жол бермеді

Қызылорданың прокурорлары 27 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексеруге жол бермеді

Қызылорда облысының прокуратура органдары фискалдық органдармен кәсіпкерлердің құқықтарын жүйелі түрде бұзу фактілерін анықтады.

Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларының (ҚР Қаржы министрінің 15.02.2018ж. №197 бұйрығымен бекітілген; бұдан әрі - Қағида) 4-тармағына сәйкес тақырыптық тексерулер тағайындау туралы шешімді белгіленген өлшемшарттарды ескере отырып, салық заңнамасын бұзу туралы куәландыратын фактілер мен мән-жайлар болған кезде шығаруы тиіс.

Алайда, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қағидада көзделмеген өлшемшарттар бойынша 27 мыңнан астам шағын кəсіпкерлік субъектілеріне қатысты тақырыптық тексерулер жүргізу туралы шешім шығарған.

Бұл шешімді шығаруға өлшемшарттарда көрсетілмеген акциздік өнімдердің заңсыз айналымын анықтау жоспары негіз болған.

Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде салық органының шешімі жойылып, тексерулер тоқтатылды.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың сигналдарын дереу қарау мақсатында облыс прокуратурасының аланыңда Фронт-офис құрылғанын және тәулік бойы мобильдік топ жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз (байланыс телефоны 877-803-89-88).