Қызылорда кәсіпкерлерінің жалған мәмілелерінің күші жойылды

Қызылорда кәсіпкерлерінің жалған мәмілелерінің күші жойылды

Қызылорда облысы прокуратурасымен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында мемлекеттік кірістер органдарының мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арыздары бойынша қабылданған сот шешімдері тұрақты түрде зерделенуде.              Бүгінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аталған санат бойынша 2 заңсыз сот шешіміне апелляциялық өтінішхат енгізілді.

Қарау қорытындысымен апелляциялық сот алқасының қаулыларымен бірінші саты сотының заңсыз шешімдерінің күші жойылды.                                                        Қорытындысында 7 салық төлеушілер арасында жасалған жалған 5 мәміле жарамсыз деп танылып, салық органы тарапынан жауапкерге 243 млн теңге бұзушылық сомасына қатысты 2 хабарлама жолданды.