Қызылорда облысының прокуратурасы 1523 кәсіпкердің құқығын қорғады

Қызылорда облысының прокуратурасы 1523 кәсіпкердің құқығын қорғады

Қызылорда облысының прокуратурасы бизнес субъектілеріне гранттар беру туралы шарттарды талдау барысында ісін жаңа бастаған кəсіпкерлерге негізсіз артық талаптар белгіленгенін анықтады.

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023ж. № 272 бұйрығымен бекітілген) 24-тармағына бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы business.enbek.kz порталына растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайтыны көрсетілген.

Аталған Қағида талаптарына қарамастан, бизнес субъектілеріне гранттар беру туралы шартта «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ сұрауы бойынша гранттарды мақсатты пайдаланылуы туралы құжаттар мен ақпараттарды 5 күн ішінде ұсыну жөнінде кәсіпкерлерге артық талаптар белгіленген.

Салдарынан Орталық қызметкерлерінің ауызша сұратулары бойынша кәсіпкерлер гранттардың мақсатты пайдаланылуы туралы есептерін қолма-қол табыстау тәжірибесі қалыптасқан.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде шарттардағы артық талаптар өзгертіліп, 1523 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.