Табиғатқа келтірілген залал есебінен 2 млрд. теңге өндірілді

Табиғатқа келтірілген залал есебінен 2 млрд. теңге өндірілді

Қызылорда облыстық прокуратурасымен үстіміздегі жылы аталған бағытта біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, бұл бағытта барлығы 28 тексеру ұйымдастырылып, онымен 366 заң бұзушылықтар анықталса, олар бойынша 26 ұсыныс, 12 наразылық енгізіліп, онымен 18 актінің күші жойылса, әкімшілік жауапкершілікке 107, тәртіптік жауапкершілікке 29 тұлға тартылып, 39 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалып, табиғатқа келтірілген 2 млрд. теңгеден астам залал мемлекет пайдасына өндірілді.

Сонымен қатар, қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 1 млн. 461 мың 528 теңгеге 5 талап арыз келтіріліп, олардың барлығы толығымен қанағаттандырылды.

Сондай-ақ құрып кету қаупі төнген жануарларды, оның ішінде ақбөкендерді заңсыз аулау - браконъерлік фактілері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша сот үкімімен тиісті адамдар сотты болды.

Бұл бағытта жүргізілген тексерулермен қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсат алмау, өндірістік қалдықтарды орналастырғаны үшін міндетті төлемдерді төлемеу, шарт бойынша міндеттемелерді орындамау және басқа да тағы сол сияқты көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, 16.08.2012 жылы облыстық прокуратурамен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті және Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану  инспекциясының, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің мамандарының қатысуымен «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нің 01.01.2010 – 31.12.2011 жылдар аралығындағы қызметінде экологиялық заңнамалардың қолданылуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен аталған серіктестік көрсетілген мерзімдерде «Ақшабұлак» және «Нұралы» мұнай кеніштерінде белгіленген лимиттен тыс ауаға 21405161 м3 ластауыш (газ) заттар тастағаны анықталды.

 Осыған байланысты облыстық прокуратураның талапнамасымен Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің 09.10.2012 жылғы №214 хабарламасы негізінде серіктестікке белгіленген нормативтерден асатын ластауыш (газ) заттарды ауаға тастағаны үшін 1 млрд. 496 млн. 202 мың 875 теңге қоршаған ортаға эмиссия үшін қосымша төлемақы есептеліп, 376 млн. 908 мың 688 теңге өсімпұл есептелген.

Дегенмен, серіктестік аталған хабарламамен келіспей, ол бойынша Салық комитетіне шағымданса, оның қаралу қорытындысымен серіктестіктің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Серіктестік аталған хабарламаны заңсыз деп тану жайлы Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағымданған.

Дегенмен аталған соттың 07.02.2013 жылғы шешімімен серіктестіктің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Соттың бұл шешіміне апелляциялық, кассациялық шағымдар келтіріліп, дегенмен бірінші саты сотының шешімі күшінде қалдырылды.

Қорытындысында 03.05.2013 жылғы №2460 және 2461 санды төлем құжаттары негізінде «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нен белгіленген нормативтерден асатын мөлшерде ауаға ластауыш заттар (газдар) тастағаны үшін жоғарыда көрсетілген 09.10.2012 жылғы №214 салықтық хабарлама негізінде өсімпұлмен қоса есептегенде барлығы 1 млрд. 873 млн. 111 мың 563 теңге жергілікті бюджетке нақты өндірілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 209-бабының 1-бөлігімен салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша салық департаментімен 15.05.2013 жылы заңды тұлға «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-не (заңды тұлға) қатысты  ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 209-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі кезде Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралуда.

  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 222-бабының 3-бөлігімен салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, егер бұл әрекет салық және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді аса ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Осыған байланысты Қызылорда қалалық прокуратурасымен «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нің қоршаған ортаға эмиссия бойынша ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 222-бабының 3-бөлігімен 25.04.2013 жылы қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарын жүргізу үшін Қызылорда облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне жолданды.

Қылмыстық және әкімшілік істердің қаралуы бақылауға алынды.

Прокурорлық қадағалау барысында жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған заңнамалардың қолданылуы да назардан тыс қалған жоқ.

Мысалы, Арал аудандық прокуратурасымен жүргізілген рейдтік тексеру барысында, Арал қаласынан солтүстік бағытта 90 км қашықтықтағы автотрассасының бойынан  «Хонда» маркалы мотокөлігі ұсталып, оған қарау жүргізу барысында мотокөлікті басқарған Сексеуіл кентінің тұрғыны Жиеналиев Нурболат Алдажарович екендігі анықталып, мотокөліктегі қапқа салынған 1 бас ақбөкен аңының өлі денесі, 6 дана ақбөкен аңының мүйізі айғақ зат ретінде тәркіленіп алынған.

Осыған байланысты, аудандық прокуратурамен Н.Жиеналиевке қатысты 21.03.2013 жылы ҚР ҚК-нің 290-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Н.Жиеналиев сотты болды.

Осы сияқты, Жалағаш аудандық прокуратурасымен де азаматтар Е.Сеилов пен А.Баймишов қатысты ҚР ҚК-нің 290-бабымен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданып, олар сот үкімімен сотты болды.

Бұдан бөлек, прокурорлық қалағалаумен жергілікті атқарушы органдардың қалдықтарды орналастыру мен жоюға байланысты тиісті орындарды белгілеуге қатысты актілерінің заңдылығы зерделеніп, нәтижесімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісім болмауы себепті тек Сырдария ауданының өзінде жергілікті атқарушы органның қабылдаған 8 актісінің күшін жойылды.

Осы сияқты, заңсыз актілер Қармақшы, Жаңақорған аудандық прокурорларымен анықталып, олардың күші жойылған.  

Осы бағытта заң бұзушылықтарға жол берген 11 ауылдық округ әкімі ҚР ӘҚБтК-нің 245-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, облыстық прокуратураның бастамасымен облыс көлемінде қоршаған ортаны қорғау, орналастырылған ластауыш заттар бойынша бюджетке төленетін төлемдердің толық көлемде әрі уақытылы төленуін қамтамасыз етуге бағытталған және осы жұмыстарға мүдделі барлық органдардың іс-қимылы мен олардың әрбір әрекеттерінің тәртібін реттеу барысында үйлестірілген ұтымды шаралар қолдану мақсатында тиісті мемлекеттік уәкілетті және құқық қорғау органдармен бірлескен бұйрық қабылданып, онымен мобильдік топ құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мысалы, қазіргі кезде аталған мобильдік топпен Қызылорда қаласының аумағында заңсыз қазылған каръерлер көп екені және олар бойынша кең таралған пайдалы қазбалар - саз топырақтардың заңсыз алыну жағдайлары тексеріліп, тиісті прокурорлық шаралар қолданылып, қоршаған ортаға келген залалдың мөлшері анықталуда.

 Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар облыс прокурорымен қатаң бақылауға алынған.

 Облыс прокурорының аға көмекшісі  әділет кеңесшісі  Ғабит Тобажанов