Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 450 млн теңге төледі

Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 450 млн теңге төледі

Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт бойынша жыл сайын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға міндетті.

Дегенмен облыс прокуратурасы тексерумен жер қойнауын пайдаланушылардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қаржы төлемегенін анықтады.

Қаржылардың мемлекет бюджетіне өндіру мақсатында Энергетика министрлігіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесі бойынша «Саутс Ойл» ЖШС Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға 450 млн теңге қаржы төледі.

Бұл бағыттағы заңдылықтың сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Қызылорда облысының прокуратурасы