АРЫЗ ШАҒЫМ ТҮСІРУДІҢ ТӘРТІБІ

АРЫЗ ШАҒЫМ ТҮСІРУДІҢ ТӘРТІБІ
Азаматтардың біразы өзін толғандырған мәселелерді Facebook мессенджері немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы жазып (аудио, видео) жібереді. Ол жерде айтылған оқиғаның қай жерде, кімдердің қатысуымен болғаны, жәбірленуші тараптың мекенжайы, аты-жөндері толық көрсетілмейді, айтылмайды.
Салдарынан мұндай арыз шағымдарды қарап, шара көру үшін қажетті мәліметтері жеткіліксіз болып қалады.
Сол үшін мемлекеттік органдарға арыз шағым түсірудің арнайы Заңы бар.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы.
6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар
2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Осы заңда көрсетілген талаптарды орындай отырып Сіз өз арыз шағымыңызды Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (онлайн қызметі де бар), Сіз шағым жолдаған мемлекеттік мекеменің, құқық қорғау, құзырлы органдарының бірінші басшысының жеке блогына немесе арыз шағымдарды қабылдау жәшігіне қалдыру арқылы жолдай аласыз.
Сонда ғана Сіздің арыз шағымыңыз тіркеліп, тиісті органдармен қаралып, нақты жауабы берілетінін түсіндіреміз.