Жартыжылдықтың жұмысына арналған алқа мәжілісі өтті

Жартыжылдықтың жұмысына арналған алқа мәжілісі өтті

Қызылорда облысы прокуратурасында, облыс прокуроры Н.Д.Бижановтың төрағалық етуімен 2023 жылдың 6 айлық жұмыс қортындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Мәжіліске облыстық прокуратура органдарының барлық қызметкерлері қатысып, қала, аудан прокурорлары және Табиғат қорғау прокуроры атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Биылғы жартыжылдықтың қортындысымен аймақтағы криминогендік және саяси қоғамдық ахуал тұрақты.

Жалпы қылмыстылық өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 22% - ға төмендеген (1803/1411).

Олардың ішінде: кісі өлтіру 50%-ға (14/7), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 22%-ға (18/14), алаяқтық 11% (349/309), қарақшылық 50% (6/3), мал ұрлығы 54% төмендеген (78/36).

Жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен ақылды камералар мен жылдамдық өлшегіш құралдары сатып алынып көшедегі ең қауіпті жерлерге орнатылды. Нәтижесінде кісі өлімі, қайғылы жағдаймен аяқталатын жол көлік оқиғалары 39% - ға дейін (23/14) төмендеді және мал ұрлығы 54% - ға дейін азайды (78/36).

Еңбекақы төлемдері бойынша облыс прокуратурасының үйлестіруімен 4 кәсіпорынның 3 мың қызметкерінің жалақысы көтерілді.

Биыл бюджетке 600 млн теңгеден астам қаражат түсіруге қол жеткізіп, 7 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Жыл басынан бері 83 мың га болатын 120-ға жуық игерілмеген жайылымдық жер учаскелері анықталды.

Қабылданған шаралармен 19 мың гектардан асатын 50 учаске мемлекетке қайтарылды.

Кәсіпкерлікті қорғау саласында есепті кезеңде 603 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 33 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Денсаулық сақтау саласында Қызылорда қаласының 1300 астам тұрғынын басқа медициналық ұйымға ескертпестен заңсыз бекіту фактілері анықталды. Қабылданған шаралармен азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, 31 млн теңге сомасына бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Кеңейтілген алқа мәжілісінде барлық баяндамашылардың есебі тыңдалып, облыс прокуроры қадағалау аумағында профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейтуді және Бас Прокуратурамен берілген тапсырмаларды сапалы орындауды тапсырды.