Жаңақорғанда футбол турнирі өтті

Жаңақорғанда футбол турнирі өтті

Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен спорт кешенінде "Жастар есірткіге қарсы" іс-шарасы аясында кіші футболдан аудандық турнир өтті.

Аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, бұқаралық спорт - жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін өте маңызды құрал екенін айта келе, алдағы уақытта мұндай шараларды аудан көлемінде жиі ұйымдастыруға болатынын жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы мен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан Мерғалиұлы жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.

Жастарды спортқа баулып, бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен турнирге аудан әкімі аппараты, білім мен денсаулық сақтау саласы, мәдениет және спорт, құқық қорғау мен өрт сөндіру мекемелерінің мамандарынан құралған        7 команда бақ сынасты.

Тартысты өткен теңбіл доп додасының нәтижесінде I орынды аудандық денсаулық сақтау саласының "Шипагер" командасы , II орынды аудандық полиция бөлімінің "Сақшылар" командасы , IIІ орынды мәдениет және спорт бөлімінің "Art-sport" командасы иеленді.

Сондай—ақ жарыс барысында үздік ойын үлгісін көрсеткені үшін арнайы номинациялар төмендегі қызметкерлерге берілді:

"Үздік ойыншы" - Бектұрғанов Шүкіралла, ауданаралық аурухана құрамасы;

"Үздік ойыншы" - Нархожа Мейіржан, мәдениет және спорт бөлімі құрамасы;

"Үздік қақпашы" - Кенжебай Сакен, аудандық полиция бөлімі құрамасы;

"Үздік шабуылшы" - Сәрсенбай Нұрберген, аудандық полиция бөлімі құрамасы;

" Үздік қорғаушы" - Оразбеков Нұрлан, ауданаралық аурухана құрамасы.

Жарыс соңында барлық жеңімпаз командаларға аудан прокурорының кубогы мен медальдар табыс етілді.