600 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

600 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Адал бизнесті қорғау – прокуратураның басым бағыттарының бірі.

Осы мақсатта бизнестегі жүйелі мәселелер мен әкімшілік кедергілерді анықтау үшін кәсіпкерлермен кездесу тұрақты түрде өткізілуде.

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен өткен кездесудің мақсаты бизнес өкілдерінің бұған дейін білдірген шағымдарының қаралу нәтижесін хабарлау және жаңа шағымдарын тыңдау.

Мысалы өткен жылдың қыркүйек айында кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер органдарының мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну әрекетіне шағым білдірді.

Зерделеумен Салық органдары жеткілікті дәлелсіз сотқа талап арыз берудің салдарынан жартысы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.

Сондықтан бизнесті сот дауларына негізсіз тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 03 қаңтарында Прокуратура, Мемлекеттік кірістер департаменті және Кәсіпкерлер палатасымен үш жақты меморандумға қол қойылды.

Енді сотқа жүгінбес бұрын үш органның өкілдерінен құрылған топтың отырысында қаралып, жеткілікті негіздер болған жағдайда ғана сотқа жүгінуде.

Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы берілген талап арыздар 89-дан 24-ке немесе 73% азайды. 

         Жалпы прокуратурамен ағымдағы жылдың 5 айында қолданылған 29 қадағалау актінің қаралуымен 306 актінің, 111 әкімшілік істің күші жойылды, 600 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, 68 кәсіпкерге 53 млн. теңге қаржысы өндірілді. 

Прокуратураларда кәсіпкерлерге дереу қолдау шараларын іске асыру үшін тәулік бойы жұмыс жасайтын мобильді топтардың жұмысы ұйымдастырылған.

Биыл 142 сигнал қаралып, 70-не заң талаптары түсіндірілді, 72 шағым қанағаттандырылды (қадағалау актісімен 54 кәсіпкерге тиесілі 26,1 млн. теңге мемлекеттік сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ету қаржысы өндірілді, 18 кәсіпкерге қолданылған әкімшілік жазалардың күші жойылды).

Одан басқа өткен жылдың 29 қыркүйегінде Бас прокуратура алаңында бизнестің әлсіз тұстарын реттеуге бағытталған Бірлескен шараның кешенді жоспары қабылданды.

Жоспарды орындау тәртібінде қолданылған шаралармен Мемлекеттік кірістер органдарының салықтық бұйрықты заңсыз қабылдау тәжірибесі тоқтатылды.

Сонымен қатар «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» жобасының заңдылығын талдап, кірістер органдарында қалыптасқан салықтық тексерістерді заңсыз жүргізу және кәсіпкерлерді негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартудың тәжірибесін жойдық.

Салықшылар ұялы телефонның Вайпон қосымшасы арқылы түскен хабарламаның негізінде сауда орындарына шығып немесе кәсіпкерлерді шақырып, түсінік алып, тексеріс әрекеттерін жасаған.

Оған қоса жеткілікті дәлелдемесіз әкімшілік жауаптылыққа тартып отырған.

Салықшылар 93 кәсіпкерді негізсіз әкімшілік жазаға тартқаны және 8 жағдайда заңсыз тексеріс жүргізгені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік істердің күші жойылды, 5 қызметкердің тәртіптік жауаптылығы шешілді.

Мемлекет басшысы прокуратура органдарына басымды инвестициялық жобаларға сүйемелдеу жасауды тапсырды.

Бұл прокурорлық қадағалаудың жаңа бағыты.

Облыс көлемінде 39 маңызды инвестициялық жоба бар.

Облыс прокурорының өкімімен оларға сүйемелдеуді жасайтын прокурорлар айқындалды.

Олар бизнеске және инвесторға тәулік бойы құқықтық кеңестер береді, инвестордың әрбір мәселесін қажет болған жағдайда орын алған жерге шығу арқылы зерделейтін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау үшін инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қызылорда облысының прокуратурасы