19.08.2012 жылы жергілікті уақыт сағат 18:15 шамасында Қызылорда қаласына Ресей Федерациясынан келген жылжымалы «Фортуна» атты зоопаркке белгісіз 4-5 азаматтар келіп, зоопарктің қызметкерлерімен жанжалдасып, нәтижесінде жанжал төбелеске ұласып, келген белгісіз азаматтардың біреуі травматикалық қарумен зоопарктің қызметкерін атып, дене жарақатын салған.
Аталмыш оқиға салдарынан зоопарктің менгерушісі РФ азаматары, Пятигорск қаласы, 08.07.1986 ж.т. Мусаелян Марат Артурович «огнестрельное ранение грудной клетки слева и обеих бедер» диагнозымен қалалық ауруханасынап түсіп, ал осы зопарктің қызметкерлері 03.08.1991 жылы туылған Мусаелян Артур Артурович «ЗЧМТ,ЗГМ, перелом нижней челюсти» және аттракцион бықылаушысы 09.07.1987 жылы туылған Мкртчян Армен Гарикович «открытый перелом костей носа со смещением» диагнозымен облыстық ауруханаға түскен.
Аталған оқиға бойынша 19.08.2012 жылы Қызылорда қалалық ІІБ-мен ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, оны жасаған адамдарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде осы қылмысқа Н.Айтымбетовтың қатыстылығы бар екендігі анықталып, қалалық прокуратурамен қылмыстық істің заңдылығы зерделеніп, негізінен қарау үшін қалалық сотқа жолданған.
Қызылорда қалалық сотының 18.01.2013 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушы Н.Айтымбетов кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызмет