«Заң керуені» акциясы Қармақшы ауданында өтті

«Заң керуені» акциясы Қармақшы ауданында өтті

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Қармақшы ауданына қарасты 2 кент және 12 ауылдық округте «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Аталған шарада облыс прокурорының орынбасары Н.Е.Ерманов Жосалы кенті мен ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарда туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

Акция барысында тұрғындар елді мекендердегі әлеуметтік мәселелерді, алимент және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау бойынша сонымен қатар кәсіпкерлік мәселелерді көтерді.

Тұрғындарды қабылдау барысында 15 азаматқа тиісті заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ауылдарда халықпен кездесу, жеке қабылдау, көше аралау арқылы тұрғындармен әңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу нысанында жүргізілді.

Акциямен 400-ге жуық адам қамтылды.

Облыстық прокуратурамен жалпы аудан бойынша қалыптасқан проблемалық мәселелер тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімдігіне хат жолданып, бақылауға алынды.

Алдағы уақытта «Заң керуені» акциясы облыстың өзге де аудандарында  жалғасады.