«Заң керуені» акциясы Жалағаш ауданында жалғасты

«Заң керуені» акциясы Жалағаш ауданында жалғасты

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Жалағаш ауданына қарасты 14 ауылдық округ пен аудан орталығында «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Аталған шарада облыс прокурорының орынбасары Н.Е.Ерманов Жалағаш кенті мен ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарда туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

Акция барысында жергілікті тұрғындар елді мекендердегі жолдар құрылысы мен жөндеу, интернет жылдамдығы, мәдениет және спорт саласында жан басына шаққандағы қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау, алимент және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау бойынша мәселелерді көтерді.

Тұрғындарды қабылдау барысында 6 азаматқа жер қатынастары саласындағы заңнамаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1 азаматқа қылмыстық іс бойынша түсіндірме жүргізілді.

Ауылдарда халықпен кездесу, жеке қабылдау, әлеуметтік нысандардың жағдайын білу, аула (көше) аралау арқылы тұрғындармен әңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу нысанында жүргізілді.

 Акциямен 350-ге жуық адам қамтылды.

Жинақталған мәліметтер тұрғындардың аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторларының түнгі мезгілде ауыл аймағында болмауы, иесіз қалған құрылыс нысандарының қараусыз қалуы, субсидия бөлу, жер (жайылымдық, егістік), аяқ судың тапшылығына алаңдаулы және бұлар ауданның барлық елді мекендерге тән проблема болып қалыптасқанын көрсетті.

Облыстық прокуратурамен жалпы аудан бойынша қалыптасқан проблемалық мәселелер тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімдігіне хат жолданып, бақылауға алынды.

Акция алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да жалғасатын болады.