Жаңақорған ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

Жаңақорған ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» акциясы Жаңақорған ауданында өтіп, барлығы 24 ауылдық округ және 2 кент қамтылды. 

Шара барысында облыс прокурорының орынбасары Н.Е.Ерманов Жаңақорған кенті мен ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардан туындаған сұрақтарға оңды жауаптар берілді.

Аудан орталығындағы назар аудартқаны тұрғын үй салуға арналған жер учаскесін алуға кезек, көше жарығы, жабық ойын алаңдары және азық-түліктің қымбат бағада сатылуы болды.

Тұрғындарды қабылдау барысында жер қатынастары саласындағы заңнамаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 7 азамат тұрғын үй салуға арналған жер учаскесін алуға кезекке орналастырылып, 2 азаматқа қылмыстық іс төңірегінде түсіндірме жүргізіліді.

Ауылдарда халықпен кездесу, жеке қабылдау, әлеуметтік нысандардың жағдайын білу, аула (көше) аралау арқылы тұрғындармен әңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу нысанында жүргізілді.

Жинақталған мәліметтер тұрғындардың жер (жайылымдық, егістік), мал ұрлығы, аяқ судың тапшылығына алаңдаулы және бұлар барлық ауылға тән проблема болып қалыптасқанын көрсетті.

Ауыл тұрғындарының алға тартып, шешілуін сұраған ең басты мәселелері аудандағы жайылымдық жерлердің тапшылығы мен мал ұрлығының тыйылмауы.

Облыстық прокуратураның бастамасымен мал ұрлығы мәселесі бұған дейін облыс әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, жергілікті жердегі әкімдерге тиісті тапсырма берілген.

Облыстық прокуратурамен жалпы аудан бойынша қалыптасқан проблемалық мәселелер тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімдігіне хат жолданып, бақылауға алынды.

Акция жұмысы алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасатын болады.

 

    Қызылорда облысының прокуратурасы