Шиелі ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

Шиелі ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» акциясы Шиелі ауданында өтіп, барлығы 22 ауыл және аудан орталығы қамтылды.

            Шара барысында облыс прокурорының орынбасары Д.М.Катаев Шиелі кенті тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардан туындаған сұрақтарға оңды жауаптар берілді.

Аудан орталығындағы назар аудартқаны тұрғын үй кезегі, көше жарығы, ойын алаңдары, жол мәселелері болды.

            Тұрғындарды қабылдау барысында тұрғын үй кезегі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2 азаматша кезекке қойылды.

Ауылдардағы халықпен кездесу, жеке қабылдау, әлеуметтік нысандардың жағдайын білу, аула (көше) аралау арқылы тұрғындармен әңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу нысанында жүргізілді.

            Жинақталған мәліметтер тұрғындардың  жер (жайылымдық, егістік), мал ұрлығы, жол қатынасы мәселесіне алаңдаулы және бұлар барлық ауылға тән проблема болып қалыптасқанын көрсетті.

            Ауыл тұрғындарының жанына батып жүрген ең басты мәселе – жайылымдық жерлердің тапшылығы мен мал ұрлығының тыйылмауы.

            Малмен күн көріп отырған жұртты жайылымның жоқтығы мен ұрлық қос бүйірден қысуда.

            Облыстық прокуратураның бастамасымен мал ұрлығы мәселесі бұған дейін облыс әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, жергілікті жердегі әкімдерге тиісті тапсырма берілген.

            Облыстық прокуратурамен жалпы аудан бойынша қалыптасқан проблемалық мәселелер тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімдігіне хат жолданып, бақылауға алынды.

            Акция жұмысы алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасатын болады.

 Қызылорда облысының прокуратурасы