Ведомствоаралық жедел мәжіліс өтті

Ведомствоаралық жедел мәжіліс өтті

Облыс прокурорының міндетін атқарушы М.Б. Казиевтің төрағалық етуімен қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы тақырыбында ведомствоаралық жедел мәжіліс өтті.

Мәжілістің өтуіне Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында қару қолдану арқылы орын алып жатқан топтық төбелестер себеп болды және облыстағы қылмыстық ахуал бойынша мәселелер талқыланды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары, Полиция департаментінің, Жергілікті полиция қызметінің, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылары және бейнебайланыс арқылы қала, аудан әкімдері мен прокурорлары қатысты.

2021 жылы жалпы қылмыстар 9%-ға төмендегенімен (2903/2652), жекелеген түрлерінің өсуі орын алған. Оның ішінде алаяқтық 40%-ға өскен.

Алаяқтық қылмыстың тең жартысы интернет арқылы жасалып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген.

Бұған еліміздегі карантиндік шаралар кезінде азаматтардың интернет дүкендер мен онлайн жеткізу көмегіне жиі жүгінуі себеп болуда (Olx.kz, Kolesa). 

Онлайн несие рәсімдеу үшін азаматтар интернет арқылы жеке мәліметтерін (аты-жөні, ЖСН, банк картасының деректемелері) ұсынып, несие алу жағдайлары жиілеген.

Интернет алаяқтықтарымен күрес бойынша азаматтардың алаяқтардың арбауына түсуіне жол бермеу бағытында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу белгіленді.

Мал ұрлықтарына қарсы елді мекендерде малды құжаттандыру бойынша (сырғалау, таңба басу, чип тағу, т.б.) және ауылдарды падашылармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Пробациялық есепте тұрған тұлғаларды қатаң бақылауға алып, олардың қайталап қылмыс жасауын алдын-алу бойынша іс-шараларды, соның ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әлеуметтік шаралар жүргізу белгіленді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар бойынша білім беру ұйымдарымен бірлесіп, тұрмыстық жағдайы қолайсыз отбасында тәрбиеленетін балалар мен девиантты мінез құлықты балалармен әлеуметтік психологиялық жұмыстар жүргізу мәселесі қаралды.

Облыс прокурорының 02.02.2021ж. өкіміне сәйкес Қызылорда қаласындағы 14 учаскелік аймақтарға апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қылмыстық профилактикасы бойынша мүдделі органдармен бірлесіп, кешенді іс-шаралар жүргізу қатаң бақылауға алынды.

Мәжілістің қорытындысымен хаттамалық шешімге сәйкес профилактика субьектілеріне нақты міндеттер жүктелді.

 Қызылорда облысының прокуратурасы