Қоғам тыныштығы бақылауда

Қоғам тыныштығы бақылауда

Қалалық прокуратураның бастамасымен полиция және пробация қызметкерлері бірлесіп есептегілердің тұрғылықты мекенжайларына апта сайын бару арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетуде.

Осы мақсатта пробация есебіндегі тұлғалардың тізімі жаңартылды.

Жазасын өтеушілердің психологиялық және әлеуметтік жағдайлары қайта зерттеліп, бағдаршам қағидасымен келесі санаттарға бөлінді:

Қызыл санатқа (тұрмыстық деңгейі төмен, қылмыс жасау тәуекелі жоғары) – 58,

сары санатқа (тұрмыстық деңгейі орташа, қылмыс жасау тәуекелі орташа) –    223,

жасыл санатқа (тұрмыстық деңгейі жақсы, қылмыс жасау тәуекелі төмен) – 260 адам енгізілді.

Барлығы 541 сотталған есепте бар.

Сонымен қоса ағымдағы жылдың қаңтарында есептегілердің 8-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 21-і «Бастау» мемлекеттік бағдарламасына қайта даярлау курстарына жолданды.

Әрбір бақылаудағы тұлғаға қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық жасамау, сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындау қажеттілігі түсіндірілді.

Пробациялық бақылаудағы тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған жұмыстар жалғаса бермек.

                                                Қызылорда қаласының прокуратурасы