Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесімен балабақша есепшісі 4 жыл ішінде штаттық кесте бойынша бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде өзінің банктік шоттарына қосымша қаражатты негізсіз аударғаны анықталды.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен көзделген, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс тергеп-тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.