Байқоңыр қаласының прокуратурасымен Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі анықталды.
Атап айтқанда, Басқармамен Төретам кентінде орналасқан азық-түлік дүкенінен бақылау мақсатында 38 өнім сатып алынған. Алайда олардың арасында бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарлар болған.
Мысалы, Басқарма майлылығы 2,5% құрайтынПетропавловскоеультрапастерленген сүт өніміне қатысты жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылар шығарып, аталған тауарды сатылымнан алып тастауды талап еткен.
Нәтижесінде жеке кәсіпкердің өнімді сатылымнан алып тастауға, яғни тыйым салынбаған тауарды сатудан түсетін пайданы ала алмауына әкеп соқтырған.
Байқоңыр қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жоспардан тыс сатып алынған өнімдер сатып алу актісінен алынып, жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың күші жойылды.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен бас маманы ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 432 500 теңге айыппұл салынды
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.