Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жаңа форматтар мен тәсілдер қолданылуда

Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жаңа форматтар мен тәсілдер қолданылуда

Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен «Қайсар - Оқжетпес» футбол клубтары арасындағы матч барысында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған акция ұйымдастырылды

Халықтың көп шоғырлануын ескере отырып, спорттық шара профилактикалық жұмысты жүргізудің тиімді алаңы ретінде пайдаланылды.

Матч барысында арнайы әлеуметтік бейнеролик көрсетілді және жанкүйерлерге бала тәрбиесіндегі ата–ананың рөлі, құқыққа қайшы мінез–құлыққа жол бермеу, табиғатқа ұқыпты қарау тақырыптарындағы ақпараттық жадынамалар таратылды.  

Облыс прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы міндеттерді іске асыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыратын болады.