Егістіктен – инвестицияға: Қызылорда облысының прокуроры Шиелі ауданындағы жобалармен танысты

Егістіктен – инвестицияға: Қызылорда облысының прокуроры Шиелі ауданындағы жобалармен танысты

 

Қызылорда облысының Шиелі ауданында агроөнеркәсіпсекторындағы жобалар белсенді жүзеге асырылып жатырInvest Caravan акциясы аясында облыс прокуроры РизабекОжаров екі инвестициялық нысанға барып, су үнемдеутехнологияларын қолдана отырып жүгері өсіру жобаларыныңіске асырылу барысымен танысты

Жұмыс сапары барысында прокурор «Таң LTD» ЖШС және«Центр Семеноводства» ЖШС кәсіпорындарында болдыӘржобаға салынатын инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрайды

Қазір жобалар практикалық кезеңде іске асырылып жатырБиылинвесторлар шамамен 2 мың гектар жерге жүгері егіп100-ге жуық жұмыс орнын ашқан.

Шиелі ауданы үшін мұндай өндірістерді дамыту ерекше маңыздыЗаманауи технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығыөндірісінің көлемін арттыруға және су ресурстарын тиімдіпайдалануға мүмкіндік береді

Сапар барысында су ресурстарын тиімді пайдаланузаманауиагротехнологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іскеасыру мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды

Инвестициялық жобалардың тек қағаз жүзінде қалып қоймауымаңыздыБіздің міндетімізолардың нақты қалай жүзегеасырылып жатқанын көрутуындаған мәселелерді дер кезіндеанықтау және мемлекеттік органдармен бірлесіп шешімін табу», – деді облыс прокуроры.

Сонымен қатар инвесторлармен мемлекеттік қолдау шараларыбизнесті жүргізу жағдайларыинвесторлардың құқығын қорғаутетіктері және ықтимал әкімшілік кедергілер талқыланды

Жобаларды толық іске асыруды 2027–2028 жылдары аяқтаужоспарланған

Invest Caravanаясындағы мұндай сапарлар инвестициялықжобалардың нақты іске асырылу барысын бағалап қана қоймайинвесторлармен туындаған мәселелерді тікелей талқылауғажобалардың мерзімін созуға жол бермеуге және кедергілерді солжерде жоюға мүмкіндік береді

Өңірде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жәнеинвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмыстар жалғасады

Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқық бұзушылықтарға тап болған инвесторларды дереу 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе Call-орталық 115 телефонына хабарласуға шақырады.

Қызылорда облысының прокуратурасы