Облыс прокуроры Ризабек ОжаровСырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырушы инвестормен кездесу өткізді.
Өңірдің агроөнеркәсіп саласындағы бұл ірі инвестициялық жоба «Жаркент крахмал - сірне зауыты» ЖШС-мен жүзеге асырылып келеді.
Жобаның жалпы құны – 40 млрд теңге.
Зауыттың іске қосылуы 550 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Зауыттың қуаттылығы жылына 150 тонна өнімді құрайды.
Жобаның іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттырып, өңірдің агроөнеркәсіптік кластерін дамытуға серпін бермек.
Кездесу барысында жобаның жүзеге асырылу мерзімі, құрылыс жұмыстарының барысы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Жауапты тұлғаларға жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және туындаған мәселелерді заң шеңберінде уақтылы шешу қажеттігі түсіндірілді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып табылады.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.