Облыс прокуратурасымен ағымдағы жылы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі –ҚК) 139-бабымен 32 қылмыстық іс тіркелді.
Алимент төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабына сәйкес 600 (алты жүз) сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Аталған қылмыстық істер бойынша 12 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылып, 5 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды және 3 қылмыстық іс сотта қаралуда, қалған 12 іс қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде.
Қызылорда облысының прокуратурасы