Арал ауданында қайтарылған активтер есебінен салынған су жүйесі іске қосылды

Арал ауданында қайтарылған активтер есебінен салынған су жүйесі іске қосылды

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Абай ауылында жаңаауыз су жүйесінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті.

Әлеуметтік маңызы бар нысан прокуратура органдарыныңбастамасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынды.

Нысанның ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі МұратЕргешбаев, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан прокуроры Дарын Әбішжәне қоғам өкілдері қатысты.

Жобаның жүзеге асырылуы 2000-нан астам ауыл тұрғынының сапалыауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз су мәселесінде бірқатарқиындықтарға тап болып келген. Жаңа су жүйесінің іске қосылуы халықтыңтұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуғамаңызды серпін берді.

Ауыз су нысанының пайдалануға берілуі мемлекетке қайтарылғанактивтердің халық игілігіне тиімді жұмсалып жатқанын және әлеуметтікәділдікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың нақтынәтижесін көрсетеді.

Өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы