Қызылорда облысының прокуратурасы «Invest Caravan» акциясы аясында Шиелі және Жаңақорған аудандарында көшпелі іс-шаралар өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік субъектілерінің мәселелерін жедел шешу және инвестициялық жобаларды тікелей жергілікті жерлерде сүйемелдеу.
Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешов, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ инвесторлар қатысты.
Жұмыс сапары барысында қатысушылар өңірдегі бірқатар маңызды инвестициялық нысандарды аралады, оның ішінде «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-нің автокөліктерге метан газын құю және сервистік қызмет көрсету кешені, «Тесис» ЖШС-нің күн электр станциясы, «Тұрлыбаев» ЖК-нің күріш өңдеу зауыты, «Transshipment» ЖШС-нің күкірт қышқылын тиеу-түсіру пункті, «Caspian Services Asia» ЖШС кәсіпорны, сондай-ақ «Шалқия-Тас» ЖШС-нің темірбетон бұйымдарын шығару және асфальт өндіру зауыттары.
Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 18,8 млрд теңгені құрайды.
Инвесторлармен өткен кездесулер барысында жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері және әкімшілік кедергілерді жою жолдары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша инвесторлар инвестициялық портфельдерін кеңейтуге және өңір экономикасының түрлі салаларында жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
«Invest Caravan» акциясын өткізу өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жаңа өндірістерді дамытуға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.
Қызылорда облысының прокуратурасы