Жаңақорғанда 13 мектеп оқушыларының құқықтары қорғалды

Жаңақорғанда 13 мектеп оқушыларының құқықтары қорғалды

Жаңақорған ауданы прокуратурасымен жүргізген талдау нәтижесіндебілім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуталаптарының сақталмау фактілері анықталды.

Атап айтқанда, аудан бойынша 13 мектепте балаларды тасымалдаубарысында заңнама талаптары сақталмай, оқушылардың қауіпсіз ортадабілім алу және тасымалдану құқықтары бұзылған.

Тексеру барысында кейбір білім беру ұйымдары мектепавтобустарындағы қауіпсіздікке арналған сигналдық жүйелер мен дабылбатырмаларын ажыратып тастағаны, жылдамдықты шектеу құрылғыларынқолданбағаны анықталды. Ал, жекелеген жүргізушілер медициналықтексеруден өтпеген, көлік құралдары міндетті техникалық талаптарға сәйкескелмеген.

Қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылып, оқушылардың құқықтары қорғалды.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуынбақылау прокуратура органдарының тұрақты назарында.