Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды



Бүгін Бас Прокурордың бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына Дүйсенбаев Нұрболат Серікұлы тағайындалды.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Одан әрі облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, қала прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокуратурасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Жаңақорған және Шиелі аудандарының прокуроры және 2022 жылдың тамыз айынан бастап облыс прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

«Аға әділет кеңесшісі» сыныптық шенінде.
Қызметтегі жетістіктері үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен, I, II дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгілерімен, I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен наградталып, үлгілі қызмет атқарғаны үшін Бас Прокурор мен облыс прокурорының грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталған.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.