Қызылордада сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қызылордада сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруыменсотталғандарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтену мәселелерібойынша Үйлестіру кеңесі өтті.

Кеңеске облыс прокуроры Ризабек Ожаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, кеңес мүшелері, Қылмыстық-атқару жүйесідепартаменті, Қызылорда облысының жұмыспен қамту басқармасы, РМК «Еңбек - Қызылорда» және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардыңбасшылары мен өкілдері қатысты.

Кеңесте сотталғандарды еңбекпен қамтудың, олардың әлеуметтенуінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Бүгінгі таңда облыста жұмысқа орналасқан сотталғандардың үлесі 73пайызды құрауда.

Дегенмен, сотталғандарды жұмыспен қамту барысында туындайтын бірқатар өзекті мәселелер анықталды.

Бұл өнімді өткізу нарығының тарлығы, мемлекеттік тапсырыстардыңжеткіліксіздігі, жұмыс орындары квотасының тиісті түрде орындалмауы,сотталғандардың берешектерін өтеуге кедергі келтіретін факторлар және формализмге жол беру жағдайлары атап өтілді.

Осы мәселелерді шешу мақсатында Үйлестіру кеңесінде нақты шаралар кешені айқындалды.

Атап айтқанда, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалымен бірлесіп, мемлекет - жеке бизнес серіктестігімен жаңа кәсіпорындар ашу және сотталғандарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру.

Сонымен қатар, №37 және №60 мекеме аумағындағы 2,5 гектарғажуық бос жерлерге жаңа өндіріс көздерін ашу үшін жылы ангарлармен жылыжайлар салу ұсынылды.

Жұмыс орындары квотасын тиімді пайдалану және оны орындамаған жұмыс берушілерге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 98-бабымен әкімшілік шаралар қолдану, сотталғандардың мемлекет пен жәбірленушілерге берешектерін өтеуге жәрдемдесу мақсатында соңғылардың есепшоттарын бұғаттан шешуге Әділет департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасымен өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.  

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастыру және қабылданған шешімдердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыстық прокуратураның тұрақты бақылауында.

 

Қызылорда облысының

Прокуратурасы