Қызылорда облысында Invest Caravan жобасы аясында жалпы құны104,1 млрд теңгені құрайтын екі ірі өнеркәсіптік нысанның құрылысынакапсула салу рәсімі өтті.
Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен өңір әкімі МұратЕргешбаев қатысты.
Рәсім барысында испаниялық инвестор «Рока Қазақстан» ЖШС-ніңсанитарлық-техникалық жабдықтар өндіру жобасы мен отандық «SevenRivers Technologies» ЖШС-нің неміс технологияларын қолдану арқылы шыныыдыстар өндіретін зауыт салу жобасының құрылысы бастау алды.
Кәсіпорындарды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған. Жобаларды іске асыру нәтижесінде өңір тұрғындары үшін 650 жаңа жұмысорны құрылады деп күтілуде.
Аталған жобалар инвесторларды қолдауға, туындайтын мәселелердіжедел шешуге және қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруғабағытталған Invest Caravan бастамасы аясында сүйемелденуде.
Жаңа өндіріс орындарының іске асырылуы Қызылорда облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығынарттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Invest Caravan форматы аясындағы жұмыс жалғасады. Алдағы уақыттабизнес пен инвестициялық жобалардың дамуына кедергі келтіретінпроблемалық мәселелерді нысаналы түрде қарау мақсатында облыс аудандарына шығу жоспарланып отыр.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.
Қызылорда облысының прокуратурасы