Қызылорда облысындағы «Invest Caravan»: прокурорлар ірі инвестордың құқықтарын қорғады

Қызылорда облысындағы «Invest Caravan»: прокурорлар ірі инвестордың құқықтарын қорғады

Облыс прокуроры Ризабек Ожаров облыс әкімі Мұрат Ергешбаевпенбірлесіп, «Invest Caravan» акциясы аясында жолаушылар вагондарынжөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенінің жұмысын іске қосты.

Теміржол инфрақұрылымы саласындағы бұл ірі индустриялық жоба«Марал-Нұр» ЖШС-мен 2021 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Кешеннің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістікқуаттарды ұлғайтуға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуғасерпін береді.

Нысан пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық прокурорларкәсіпорынға құқықтық сүйемелдеу көрсетіп, туындаған проблемалықмәселелерді шешуге жәрдемдесті.

Мәселен, облыс прокуратурасы Жер инспекциясының серіктестікқызметіне негізсіз араласып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қоюғабағытталған әрекетінің жолын кесті.

Инвестордың құрылыс жұмыстарын бастап кеткені ескеріліп, инспекцияның талап қоюы келісуден бас тартылып, бұған дейін салынғанбарлық ауыртпалықтар алынып тасталды.  

Прокуратурамен қабылданған шаралар жобаның кідіріссіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, оның сәтті іске қосылуына қолайлы жағдай жасады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып табылады.

«Invest Caravan» форматындағы жұмыс жалғасады — өңірлік бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу мақсатында аудандарға шығу жоспарлануда.

Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.

 

Қызылорда облысының

прокуратурасы