Байқоңырда 800 мектеп оқушысына арналған профилактикалық көрсетілім өтті

Байқоңырда 800 мектеп оқушысына арналған профилактикалық көрсетілім өтті

Байқоңыр қаласының ерекше құқықтық мәртебесі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде екі мемлекеттің өзара бірлескен іс-қимылын талап етеді.

Осы ретте Байқоңыр қаласы прокуратурасы білім беру ұйымдарымен бірлесіп, «Закладчик.Мать» қысқаметражды фильмінің көрсетілімін өткізді.

Шараға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 17 мектебінен 800 оқушы қатысты.

Көрсетілім барысында есірткі қылмысының ауыр әлеуметтік және құқықтық салдары, заң алдындағы жауапкершілік, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың жасөспірімдердің болашағы мен отбасы құндылықтарына тигізетін кері әсері туралы мәселелер көтерілді.

Өткізілген іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық қадам болды.