Омбудсмен Қызылорда облысындағы №60 мекеменің жұмысымен танысты

Омбудсмен Қызылорда облысындағы №60 мекеменің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында облыс прокуроры Ризабек Ожаров, ҚАЖ департаменті басшылығы және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен мекеме қызметі таныстырылды.

Оның шеңберінде сотталғандардың құқықтарының сақталу жағдайына мониторинг жүргізіліп, оларды ұстау шарттары, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру сапасы, қауіпсіздік талаптары және цифрлық бақылау жүйесінің жұмысы зерделенді.

Омбудсмен мекеменің өндірістік аймағын аралап, сотталғандарды еңбекпен қамту, еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу мәселелерімен танысты.

Сондай-ақ, радикалды көзқарастан арылту орталығының, мамандық игеруге байланысты білім беру ұйымдары мен оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бұл ретте өндірістік аймақта облыстың 21 жеке кәсіпкері 657 сотталған азаматты жұмыспен қамтып отырғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, сотталғандармен топтық кездесу өткізіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны жеңілдету, медициналық қызмет көрсету және өзге де сұрақтарға түсіндірме берілді.

Сапар қорытындысымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тарапынан бірқатар ұсынымдар беріліп, сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар оң бағаланды.
​​​​​​    
  Қызылорда облыстық​​​​​​​​ прокуратурасы