Қызылорда прокурорлары пилоттық жобаның іске асырылу барысын талқылады

Қызылорда прокурорлары пилоттық жобаның іске асырылу барысын талқылады

Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен өңірде Бірыңғайкезекші-диспетчерлік қызметті (БКДҚ) енгізу жөніндегі пилоттық жобаныәзірлеушілермен кездесу өтті.

Іс-шараға облыс әкімі, Бас прокуратураның Қаржы департаментініңбастығы, өңірдің атқарушы органдары мен құқық қорғау құрылымдарыныңбасшылары қатысты.

Тараптар жобаны іске асыру барысын, оны ауқымды түрде енгізуперспективаларын және кезеңдерін, сондай-ақ БКДҚ қызметін нормативтікреттеу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар кездесу аясында Бас прокуратураның Қаржыдепартаментінің бастығы Испанов Ілияс «Цифрлық қадағалау» жобасынтаныстырды.

Жоба деректерді талдаудың заманауи цифрлық құралдарын енгізу, процестерді автоматтандыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдыкүшейту арқылы қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы базасында жүйеніңнегізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Атап айтқанда, көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде мониторингілеу, талдамалық есептер қалыптастыру және ықтимал бұзушылықтарды жеделанықтау мүмкіндіктері таныстырылды.

Облыс прокуроры Ожаров Ризабек атап өткендей, цифрлық шешімдердіенгізу шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы мен жеделдігін арттыруға, адамифакторды азайтуға, қадағалау қызметінің бірыңғай стандарттарынқамтамасыз етуге, сондай-ақ өтініштерді қарау және тексеру іс-шараларынжүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша пилоттық жобаны өңір аумағында іскеасыруды ұйымдастырушылық сүйемелдеу және бірлескен жұмыстыжалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған бастаманы жүзеге асыру мемлекеттік бақылау жүйесінжаңғырту мен заңдылықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы