Қызылорда облысында Сабалақ саяжайына газ қосылды

Қызылорда облысында Сабалақ саяжайына газ қосылды

Қызылорда облысының прокуратурасында облыс прокурорының тұрақты түрде жеке қабылдауы өткізіледі. Осындай қабылдаулардың бірінде Сабалақ саяжайы тұрғындары газдың жоқтығына байланысты өтініш білдірген болатын. Соның нәтижесінде, облыс әкімдігі мен прокуратураның бірлескен жұмысының арқасында бүгін Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды. 

Салтанатты рәсімге облыс прокуроры Ризабек Ожаров, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым мен тұрғындар қатысты.

Жоба аясында 3,2 млрд теңге бөлініп, 1 694 үй газға қосылды. Бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік бермек.

Сабалақ саяжайына соңғы жылдары инженерлік инфрақұрылым жеткізіліп, ауыз су, электр желісі тартылып, жолдар жөнделді. Алдағы уақытта басқа да саяжайларға кезең-кезеңімен инфрақұрылым жүргізіледі.