«Тәртіпке бағынған құл болмайды»: Қызылордада 20 мыңдық аудиторияға онлайн сот процесі көрсетілді

«Тәртіпке бағынған құл болмайды»: Қызылордада 20 мыңдық аудиторияға онлайн сот процесі көрсетілді

Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен облыс көлеміндегі 20 мыңнан аса мектеп оқушылары мен студенттердің онлайн қатысуымен көрме сот отырысы ұйымдастырылды.

Өткен жылы жазғы демалыс уақытында Қызылорда қаласының түнгі клубтарының бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім ауыр қылмысқа әрекет жасаған.

Сот іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді негізге ала отырып, оны кінәлі деп танып, 6 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдарын нақты өмірлік мысалдар арқылы көрсету және жастарды заңды сақтауға, тәртіп бұзбауға үндеу.

Көрме сот отырысы жоғары тәрбиелік маңызға ие болып, жасөспірімдердің өз әрекеттеріне сыни көзқараспен қарауына және қылмыстық құқық бұзушылықтардың болашақ өміріне тигізетін кері әсерін терең ұғынуына ықпал етеді.

Прокуратура органдары тарапынан алдағы уақытта да осы тектес профилактикалық және тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, өз жалғасын табатын болады.