«Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы ашылды

«Прокурорлық қадағалау» дәрісханасы ашылды

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Қорқыт Ата атындағы университетте «Прокурорлық қадағалау» дәрісхана мен коворкинг орталығы ашылды.

Шараға облыс прокуроры, Бас прокуратураның өкілі, құқықтық статистика Департаменті, құқық қорғау органдары, университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дәрісхана болашақ заңгерлердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманы терең меңгеруіне, сондай-ақ құқық қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Оқу кеңістігі заманауи технологиялық құралдармен жабдықталып, құқықтық статистика саласындағы ақпараттық жүйелерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Облыс прокуроры Ризабек Ожаров конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, заң үстемдігін қамтамасыз етуде білікті, әділ әрі жауапкершілігі жоғары кадрларды даярлаумен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктерін күшейтудің өзектілігін атап өтті.

 Сондай-ақ, университетке Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстеріне арналған түсіндірме кітаптары сыйға тартылды.

Іс-шара аясында прокуратура органдары мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында дәріс оқитын прокурорлардың кестесі бекітіліп, құқықтық білімді дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Халықаралық байқауда жүлделі орын алған студенттерге облыс прокурорының алғыс хаттары табысталды.

Аталған бастама – білім беру мен құқық қорғау органдары арасындағы тиімді әріптестіктің нақты көрінісі болып табылады.

                                                                      

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

#Заң­_мен_Тәртіп