Қазалы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз су жүйесі іске қосылды

Қазалы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз су жүйесі іске қосылды

2026 жылғы 21 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Сарбұлақ елді мекенінде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің іске қосылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Қазалы ауданының прокуроры Мадияр Бекпанов, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.

Жобаны іске асыру аясында Сарбұлақ елді мекеніндегі 78 тұрғын үйге сервистік желі тартылып, ауыл тұрғындары толықтай орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Аталған ауыз су жүйесінің пайдалануға берілуі елді мекен тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.