Қызылорда облысында Жастар форумы өтті

Қызылорда облысында Жастар форумы өтті

Сыр өңірінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында Форум ұйымдастырылды.

Іс – шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров, аймақ басшысы                                Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым, қоғам белсенділері, құқық қорғау органдары, білім саласының қызметкерлері мен жастар қатысты.

Арнайы қонақ ретінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары шақырылды.

Жиында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу, буллинг, суицид және білім мен тәрбиенің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылудағы «Adal Bala» цифрлық білім беру платформасы                 Оқу-ағарту министріне таныстырылды.

Жоба кәмелетке толмағандардың бойында құқықтық сана, сыбайлас жемқорлық пен лудоманияға қарсы мәдениет, буллингке жол бермеу негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Осыған байланысты, жобаны республика деңгейінде тарату және оны «сынып сағаттары» бағдарламасына енгізу мәселесі Министрдің қарауына ұсынылды.

Қатысушылар қолданылып жатқан шараларға оң бағасын беріп, «Adal Bala» цифрлық білім беру платформасын республика көлемінде тарату қажеттігін жеткізді.