Парламент пен прокуратураның заңдылықты нығайтудағы өзара іс-қимылы

Парламент пен прокуратураның заңдылықты нығайтудағы өзара іс-қимылы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжіліс депутаттары Қызылорда облысы прокуратурасының жеке құрамымен кездесті.

Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Сенат депутаттары Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, Рүстемов Руслан Рүстемұлы, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Әбенов Мұрат Абдуламитұлы, Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы, Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы қатысты.

Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты мақаласындағы ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтар, мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі, әділеттілік пен халыққа адал қызмет ету қағидаттарының айқындалғаны атап өтілді.

Президенттің бұл тұжырымдары құқық қорғау органдарының қызметімен тікелей сабақтасып, еліміздің тұрақты дамуы жолында заңның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық сенімді арттыру міндеттерін одан әрі күшейтуді талап етеді.

Кездесу барысында депутаттардың заң шығару қызметі аясында өңірлік ерекшеліктер мен құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып қабылданатын шешімдер «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірілді.

Іс-шара соңында қоғамда заң үстемдігін нығайтуға қосқан үлесі үшін қатысушылар Қызылорда облысы прокурорының алғыс хатымен марапатталды.

Бұл кездесу Парламент пен прокуратура арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өңірдегі құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған маңызды алаң болды.