Қызылорда облысының Арал ауданында Тастүбек ауылында жаңа су жүйесінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті.
Әлеуметтік нысан прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды.
Әлеуметтік нысанның ашылуына аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан прокуроры Дарын Әбіш және қоғам өкілдері қатысты.
Жобаның жүзеге асырылуы 100-ден астам ауыл тұрғынының сапалы ауыз суға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды тасымал арқылы пайдаланып келгені белгілі, бұл олардың күнделікті тұрмысына айтарлықтай қиындық тудырған.
Ауызсу нысандарының іске қосылуы мемлекетке қайтарылған активтердің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді пайдаланылуының жарқын дәлелі болып табылады.
Өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысы облыстық прокуратураның бақылауында.