Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен
Қызылорда ҚАЖ департаментіне қарасты №60, №37, №68
мекемелерде жазасын өтеуші сотталған азаматтар арасында
ұйымдастырылған ерекше тәрбиелік және әлеуметтік маңызы бар
іс-шара – сурет салу көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – шығармашылық арқылы бас
бостандығынан айырылған азаматтардың құқықтық санасы мен
мәдениетін дамыту, тұлғалық әлеуетін ашу және түзеу
мекемелеріндегі тәрбиелік процесті күшейту болып табылады.
Көрмеге барлығы 97 сурет қойылды. Жұмыстар заң мен тәртіп,
әділет, құқықтық сана, адамгершілік, қоғамдағы қауіпсіздік
тақырыптарын қамтыды. Сурет салушы сотталған азаматтар өз
дүниетанымын, ішкі сезімдерін және заңға деген көзқарастарын
шығармашылық туындылары арқылы жеткізе білді.
Шараға Болашақ университетінің студенттері арнайы қатысып,
сотталғандардың еңбектерімен танысты. Көрмеге қатысушылар әр
суретті мазмұны, көркемдік деңгейі, идеяның ашылуы және
шеберлік тұрғысынан бағалады.
Іс-шара сотталғандардың рухани дамуына, эстетикалық
талғамын қалыптастыруға және құқықтық тәрбие процесіне оң әсер
етті. Сондай-ақ, университет студенттері үшін де бұл көрме адам
тағдыры, қоғам, әділет пен құқық тақырыптарын терең түсінуге
мүмкіндік берді.
Көрме нәтижесімен бірқатар үздік туындылар марапатталып,
сурет авторлары арнайы сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастырушылар мұндай көрмелерді дәстүрлі түрде өткізіп,
шығармашылық арқылы түзету мен қайта әлеуметтендіру
жұмыстарын жалғастыруды жоспарлауда.
#Заң_мен_Тәртіп