Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Шәкен ауылында
тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жаңа су желісінің
салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті.
Әлеуметтік нысан прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған
қаражат есебінен салынды.
Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы М. Тлеумбетов, облыс
әкімінің орынбасары Қ. Нұртай, аудан әкімі А. Есмаханов, аудан прокуроры
Д. Әбіш және қоғам өкілдері қатысты.
Енді Шәкен ауылындағы 76 үйдің тұрғындары орталықтандырылған ауыз
сумен толық қамтамасыз етілді.
Бұл нысанның пайдалануға берілуі тұрғындардың өмір сүру сапасын
жақсартып, тасымалданатын суға деген қажеттілікті жойды.
Шәкен ауылындағы су жүйесінің ашылуы мемлекетке қайтарылған
активтердің өмірлік маңызы бар әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін
тиімді және мақсатты пайдаланылып жатқанын көрсетеді.
Жалпы, Қызылорда облысында 29 жоба жүзеге асырылуда.
#Заң_мен_Тәртіп