Конференцияға халықаралық деңгейде танылған, заң ғылымының белгілі ғалымдары Марат Қоғамов пен Николай Турецкий, Бас прокуратураның өкілі және жергілікті күштік құрылымдардың басшылығы мен жеке құрамы, студенттер қатысты.
Іс-шарада прокуратурамен іске асырылып жатқан «IT TERGEU», «Смарт білезік» жобаларының нәтижесінде қайта қылмыс жасаудың 60%-ға және қылмыстылықтың 6%-ға төмендегені, қылмыстың әшкерелену көрсеткішінің 3%-ға жоғарылағаны атап өтілді.
Кездесу тек ғылыми ой бөлісу ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, құқықтық реформаларды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу алаңы болып табылады.
Шара қорытындысы бойынша прокуратура мен ғалымдар қауымдастығы «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөнінде бірлескен шаралар жүйесін атқаруға уағдаласты.
Қызылорда облысының
прокуратурасы