Жер қатынастары саласындағы тексерудің нәтижелері талқыланды

Жер қатынастары саласындағы тексерудің нәтижелері талқыланды

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров жер заңнамасының сақталуын тексерунәтижелерін алқа мәжілісінде қарады.

Жиынға облыс әкімі Н.М. Нәлібаев, құқық қорғау және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер беру кезектілігі, Бас жоспар талаптарының сақталуы, пайдаланылмайтын жерлерді түгендеу, су қорғау аймақтары менбелдеулері туралы мәліметтерді кадастрға енгізу, сондай-ақ ауыспалы егіс мәселелері қаралды.

Облыс прокуроры Р.К. Ожаров «Игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, халық игілігін көру керек. Жер инспекциясы мен әкімдер бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет» екенін атап өтті.

Өз кезегінде, аймақ басшысы Н.М.Нәлібаев әкімдерге Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасына көшуге дайындық аясында облыстың барлық жерлеріне түгендеу жүргізуді тапсырды.

Алқа қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілетін болады.

Бұл бағытта қадағалау жұмыстары облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

​​​​​Қызылорда облысының прокуратурасы